Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданыбойынша білім бөлімінің жанындағы "Первомай ауылының бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие " Ясли -сад села Первомайка" при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тұлғаның қалыптасу негізі балабақша мен ата- ана ынтымақтастығында.

27.02.2018

Тұлғаның қалыптасу негізі балабақша мен ата- ана

ынтымақтастығында

 

Тәрбиенің алғашқы

негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады.

 Халқымыздың даналығына құлақ ассақ,

"Адамның бақыты балада" деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы

қуып жете алмайтын "бақыт" деген сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы

ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,

екіншісі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға

қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай

алады, "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген сөз осыдан қалса керек.

   Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және

білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыс болуы

маңызды.

     Қазіргі кезеңде бала тәрбиесі жүзеге

асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата- аналармен семинар- кеңестер,

отбасылық сайыстар, тренигтер, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырудың

үлкен көмегі бар. Балабақшада өткізілген әрбір іс- шара, ертеңгіліктердің тәрбиелік

мәні, мағыналы болуы  ата- аналардың

жиірек келуіне, қатысуына да ықпалын тигізеді.

       Ата- ана балабақшаға көмекші, сенімді тірек болып, ортақ байланысты нығайтқанда ғана тәрбие жұмысы нәтижелі болмақ. Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру балабақша мен ата- аналардың

педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылатынын есте сақтағанымыз жөн.

    Балабақша мен ата- ана ынтымақтастығының негізгі бағыттары:

    - ата- аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру;

    - баланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігін есепке алу;

    - балалардың психикалық, физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

    - баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету;

    - балалармен бірлескен шығармашылық іс- әрекет түрлеріне қатысу;

     - отбасы жағдайында жеке тұлға қалыптастыру.

         Әрбір балабақша ата- аналармен қарым- қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың қызығушылығын  арттыру мақсатында  жұмыс жасау тиіс. Осындай

бағытта ұйымдастырылған жұмыстың бір ғана түріне тоқталсақ, биыл балабақшада өткен "Менің туған ауылым – Отаным." атты тақырыбындағы аудандық семинарды айтуға болады.

Ата- анамен бірлесе

отырып, баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін

қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық семинарда біздің  тобымыз 

қазақ  халқының салт - дәстүрі

«Тұсау кесу.» үрдісін   ашық оқу іс- әрекеттерінде көрсетті.Осы

ұйымдасытырылған  іс- шаралар  арқылы  көптеген

жақсы жетістіктерге  қол жеткізіп отырмыз.

 Тәрбиелі жас ұрпақтың білімді, білікті болуы отбасы мен балабақшаның үздіксіз бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біздің ең биік мақсатымыз әр отбасындағы ұрпақтың дені сау, рухани бай, білімге, еңбекке

құштар болып өсуі.Ата- аналармен әртүрлі шараларды ұйымдастырудағы мақсат- міндетіміз балалардың бүгінгі жасаған қадамы, ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін беретінін  ұғындыру.

Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбилеуде баршамыз үздіксіз ізденіп, тыңғылықты еңбек ету жолындамыз.

    Біздің қызметіміз де, өмірімізде бала өмірімен тығыз  байланысып жатыр. Бұл тұрғыда

әрбір педагог өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ел болашағының бар саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы  бар асыл қасиетіміз бен білімізді арнасақ болғаны.

 

 

"Первомай балалар бақшасы "Балдырған"  тәрбиешісі:  Р.П.Халибекова

 

 

Просмотров: 811


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст