Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесіндегі жылы қарым-қатынас»Жоспарға сәйкес.
Бүгін «Жас шаңырақ» тобында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру, отбасындағы жылы қарым-қатынастың бала дамуына тигізетін әсерін түсіндіру.
Отбасы – баланың алғашқы тәрбиесін алатын, мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттері қалыптасатын маңызды орта. Үйдегі сыйластық, мейірім, бір-біріне деген түсіністік баланың өзіне деген сенімділігін арттырып, дұрыс тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Жиналыс барысында ата-аналармен балаға жылы сөз айту, қолдау көрсету, бірге уақыт өткізудің маңызы туралы пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс соңында ата-аналарға балаға әрдайым мейірім мен махаббат сыйлап, отбасыда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде ұсыныстар берілді.

