Қасым-Жомарт Кемелұлы
Туған жылы: 17 мамыр 1953 ж.
БІЛІМ:
Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын (1975), Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1992) бітірген.
Тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит мемлекеттері" (1998). Саяси ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасының жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу кезеңіндегі сыртқы саясаты" (2001). Қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін меңгерген.
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
1975 жылдан 1979 жылға дейін-КСРО Сыртқы істер министрлігінің кезекші референті, кезекші референт, Сингапурдағы КСРО елшілігінің референті.
1979 жылдан 1983 жылға дейін-КСРО Сыртқы істер министрлігінің аға референті, атташесі, үшінші хатшысы.
1983-1984 жылдары-Пекин Қытай тілі институтының стажері.
1984-1985 жылдары-КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы.
1985 жылдан 1991 жылға дейін-Қытайдағы КСРО елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.
1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1994-1999 жылдары-Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 1999 жылы–Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары.
1999-2002 жылдары–Қазақстан Республикасы премьер–Министрінің міндетін атқарушы, премьер-министрі.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі.
2003-2007 жылдары-Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2007-2011 жылдары – үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төрағасы.
2011 жылдан 2013 жылға дейін-БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женева қаласындағы БҰҰ Еуропалық бөлімшесінің басшысы.
2013 жылғы 16 қазан – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.
2017 жылғы 14 қыркүйек – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.
2019 жылғы 20 наурызда ҚР Президентінің өкілеттігі ҚР Парламенті Сенатының Төрағасына көшеді.