Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданыбойынша білім бөлімінің жанындағы "Первомай ауылының бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие " Ясли -сад села Первомайка" при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыкалық жетекші

"Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Первомайка ауылының балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекен-жайы: Ақмола облысы Астрахан ауданы Первомайка ауылы Садовая көшесі 50 тел. 87164129616, электрондық пошта: pervomayka.detskiysad@mail.ru педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды:

лауазымның атауы

оқыту тілі

апталық оқу жүктемесі

бос лауазымның мерзімі

1

музыкалық жетекші

қазақ, орыс

1

бос лауазымның

 Базалық лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты қосымша ақыларды есептемегенде(біліктілік санаты, OOP бар балалармен жұмыс) 102 819 теңгеден 120506 теңгеге дейін. Лауазымға кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейі болған кезде педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог үшін-5 жыл және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін жұмыс өтілі – 5 жыл.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; педагогикалық этика нормалары; балалар репертуарының музыкалық шығармалары, музыкалық тәрбие әдістемесі; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өртке қарсы қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады; музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді; балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді; педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады; балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді; ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде электрондық немесе қағаз түрінде келесі құжаттарды ұсынады: 1) хабарламаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген); 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №ҚР ДСМ-196/2020 "жеке медициналық кітапшаларды беру, жүргізу және есепке алу қағидаларына"бұйрығымен бекітілген жеке медициналық кітапшаны;; 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны туралы анықтама; 10) сотталмағандығы туралы анықтама; 11) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 12) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың хабарландыру қосымшасына сәйкес толтырылған бағалау парағы; Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысуға Кандидат Комиссияның қарауына біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, басшылықтардан ұсынымдарды) ұсына алады.

Құжаттар хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Ақмола облысы Астрахан ауданы Первомайка селосы Садовая көшесі 50 тел. 87164129616, электрондық пошта: pervomayka.detskiysad@mail.ru

Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы№432 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57" Мемлекеттік сатып алу туралы "бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын алмастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау"; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына" сәйкес.

 

Жаңартылған күні: 23.08.2022 09:45
Құрылған күні: 23.08.2022 09:45

Текст