Текст
Акция - бұл әрқашан қызықты, танымдық. Ал барлық команда (балалар, тәрбиешілер, ата-аналар, біздің жағдайдағыдай) үйлесімді жұмыс істегенде, бұл қызмет түрі тек қуаныш әкеледі. Өйткені, тақырып әр түрлі болуы мүмкін және кез келген мерекеге ұштастырылады, ал біздің "өзін-өзі тану : махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігіне орайластырылған "Мейірімді жүректер Достастығы" ұранымен қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар біздің қайырымдылық акциямызға түсіністікпен қарап, белсенді қатысты, сондай-ақ балабақша ұжымы мен Первомайский әкімдігінің қызметкерлері қатысты.