Бүгін қазақ тобында үйірме сабағы өтті.
Мақсаты: Ертегіні естеріне түсіру ертегілерге деген қызығушылықтарын арттыру.Ертегіні оқуға балалардың зейінін аударып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру.Оның мазмұнын түсіндіріп,өз ойымен жеткізе білуге үйрету. «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен таныстыру, ертегіні оқып беріп, мазмұнын ашу, түсіндіру. Ы.Алтынсарин «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен түсінгендерін айту.Қойылған сұраққа толық жауап беруге үйрету. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: Ертегіні мәнерлеп оқып, түсіндіру, балалардың сөздік қорын байыту.Көрнекілігі: Буклет, суреттер Суретке қарап мазмұнын түсіне білді.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді. Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.