Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданыбойынша білім бөлімінің жанындағы "Первомай ауылының бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие " Ясли -сад села Первомайка" при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отан – отбасынан басталады».

29.05.2017

                                  «Отан – отбасынан басталады».


Адамзат бесігін тербеткен ұя

Үлгі – өнеге бастауы

Жағымды қасиеттерге баулиды...

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата -

анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің

жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным

бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы,

киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап

тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала

отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана -

бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала

- отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі

балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан,

қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда

сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.

Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан

нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос

уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.

Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық

қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін

ұмытпау керек.

Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі

зор. Ендеше, құрметті ата-аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың

тәрбиешілерімен, балабақшамен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз.

Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі.

Сонымен мен баяндамамды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл

бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз

жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.

 

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст