Қазақ тілі апталығының жоспарына сәйкес дүйсенбі күні «Қазақ халқының салт дәстүрі» атты шара өткізілді. Бұл шараға барлық топ балалары қатысып қазақ халқының салтымен танысты.
Сейсенбі күні орыс халқының салтымен танысты.
Ересек тобында сәрсенбі күні «Қазақстанда тұратын
ұлттардың ұлттық ойындары»атты шара
өткізілді. Онда Беларустың «Змейка», қазақтың «Шаңырақ», азербайжан
халқының «Вытащи платок» ойындары
шарттары таныстырылып, ойналды. Балалар қызыға ойнады.
Бейсенбі күні 21қыркүйек күні ересек тобымен бірге
«Дастарқан» атты коллаж құрастырды. Олар әр ұлттың ыдыстарын жапсырып, қазақ
халқының ұлттық тағамдарын «қағазды умаждау» тәсілімен дастарқанды әзірлейді.
Жұма күні балабақша ұжымы арасында «Знатоки казахского языка» атты жарыс өтті. Онда ұжым екі топқа бөлініп, жарысады. Топта «Сәлемдесу», «Сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру», «Өлең шумақтарын аудару», «Мақал мәтелдердің мәндес мағынасын табу», «Қазақстан мерекелері», «Тілек білдіру» атты байқаулар өтті.