Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданыбойынша білім бөлімінің жанындағы "Первомай ауылының бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие " Ясли -сад села Первомайка" при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша –тәрбие ошағы.

02.10.2017

Балабақша –тәрбие ошағы.

                                                                                                      

Балалық шақ – адам өміріндегі ең керемет , ең  маңызды кезеңдердің бірі. «Адамның  қалыптасуы бала кезден басталады.Жақсылықта  адам бойына нақ сол бала кезде

егіледі.»депті  С.В. Михалков.

Бала тәрбиесі  балабақшаның  атқаратын ролі зор.Себебі , отбасынан бөлек,баланың көп уақыты

балабақшада өтеді.

Мен Халибекова Р.П. Первомай балалар бақшасында  тәрбиеші болып қызмет атқарамын.Біздің

балабақшада бала тәрбиесіне,білім алуына,денсаулығына,дұрыс тамақтануына,өз

қабілеттерін дамытып шығармашылықпен айналысуларына аса зор көңіл

бөлініп,заманауи техникалық құралдармен жабдықталып,жағдай

жасалынған.Балабақшадағы сабақтар – өте әсерлі  сезімдерді  оятып, баланың  қалыптасуына, ой – өрісінің дамуына,тәртібіне ықпал етеді.

Ұлы данышпандардың  айтуынша «Айтсаң – ұмытамын,көрсетсең – есте сақтаймын, қызықтырсаң –

үйренемін.» дегендей балаларға балабақшамыз эстетикалық  білім беруге , сезімталдыққа, әдемілік пен

сұлулықты сезіне білуге, патриоттыққа ,ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу –

мына  біздердің ,яғни тәрбиешілердің  міндеті. Біздің балабақша  балалары сабаққа деген қызығушылығы өте зор.

Әрбір аталып өтілетін мерекеліктермен  қатар кездесу кештері, семинарлар қалыс қалған

емес.Айта берсек, ауыз толтырып айтатын жетістіктер жетерлік,әрине  ата – аналар мен балабақша арасындағы тығыз

қарым – қатынасты еңбектің  арқасы деп

білеміз.

Балабақшамызда өз мамандығын  жетік меңгерген,көптеген жылдар бойы талмай

еңбек етіп келе жатқан және  де қазіргі

жас  білімді , саналы тәрбиеші -  ұстаздар қызмет атқарады. Меңгерушіміз  Дюсекеева Ж.Е. мен  әдіскер  Снегурская Р.И. талмас еңбектерінің арқасында балабақшамыз күннен – күнге гүлденіп,көркеюде.

«Тәрбиелеу  дегеніміз  - халықтардың  бойына  білімге негізделген этикалық 

игіліктер мен өнерлерді  дарыту  деген сөз.»деген екен ғұлама бабамыз  Әл – Фараби.Еліміздің

ертеңіне  ұрпақ  тәрбиесіне қашанда  зор көңіл бөлуіміз аса маңызды!

  

Первомай «Балдырған» балабақшасының  тәрбиешісі: Халибекова Р.П.

 

 

 

 

 

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст