Текст
Бүгін қазақ тобында жаратылыстану сабағынан «Жабайы жануарлар» тақырыбына ашық сабақ өтті. Өткізген
қазақ тобының тәрбиешісі Ермаханова А.Е.
Сабақ бойы жабайы жануарлар туралы айтылды.Балалар хайуанаттар бағына саяхат жасады. «Ненің құйрығы, ненің құлағы?» ойын арқылы жасырынып тұрған жануарларды
тауып ,торларға орналастырды. Сонымен қатар жейтін азығын құрастырып, жануарларды қоректендірді. Балалармен дыбыстық жаттығу жүргізілді. Сабақ соңында «Түлкі мен қоян» ертегісін тамашалады.