Текст
Бүгін қазақ тобында сурет салу сабағы болды.Тақырып: «Көрікті көктемнің ағашы.»
Мақсаты:.Балаларға суреттерінде көктемнен алған әсерін бейнелеуге, суретінің мазмұнын өздігінен анықтап, ұжымдық композицияны құруға үйрету. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында балаларға көктем және ағаштар жайлы қысқаша мәлімет берілді.Ағаштардың түрлерімен танысты,көктем туралы өз ойларын айтып әңгімеледі.Тақтадан ағаштарды көрсетті.Дидактикалық ойындар ойнады.Ойын : «Бұл қай кез болады?»Оларға сурет салу тәсілін түсіндірдім. Балалар ағаштардың суреттін салуға ынта қызығушылықпен кірісті. Дайындап өткізген тәрбиеші Р.П. Халибекова.