Текст
Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Біздің мемлекет-түрлі этникалық топтар мен халықтар бейбіт өмір сүретін көпұлтты үй. Сондықтан осы күні басқа ұлт өкілдеріне жылы қарым-қатынасты көрсету маңызды. Бұл мейрамда біз басқа ұлт өкілдеріне құрмет көрсетіп, достық пен жақсылық тілей отырып, жылы лебізімізді білдіреміз.Бұл күні ауа райы салқын болса да , біздің залда жылы достық атмосферасы, күлкі болды. Балалар ұлттық киімдермен көрермендерді әндерімен, билерімен қуантты. Тек қана балалар ғана емес, сонымен қатар педагогикалық ұжым да шетте қалмады, бұл жарқын достық мерекесінде . Іс-шараны әдіскер Р. И. Снегурская өткізді.